КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

    1 / 7
    КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ
    Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлының төрағалығымен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және теріс қылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жиналыс ұйымдастырылды.
    Кеңеске білім бөлімінің мамандары, колледж басшылары, мектеп директорлары, тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар қатысты.
    Осы жылдың 9 айында кәмелетке толмағандар арасында және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтар туралы ювеналды полиция тобының басшысы Ж.Ахметов баяндады. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін факторлардың алдын алу қажет екендігі атап өтілді.
    Сондай-ақ, қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары А.Андабасова кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуы туралы баяндаса, қалалық білім бөлімінің әдіскері З.Отызбаева психолог мамандар оқушыларға эмоционалды қолдау көрсету және тығырықтан шығу жолдарын айтып өтті.
    Жиын барысында, жасөспірімдерге қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында, олардың денсаулығын қорғау, қиын жағдайға тап болған балаларға уақытылы көмек көрсету, рейдтік іс-шараларды күшейту туралы тапсырма берілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары