ЖЕТІСАЙЛЫҚ ИМАМДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

    1 / 17
    ЖЕТІСАЙЛЫҚ ИМАМДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
    Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Нұғман» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» атты имамдар арасында кіші футболдан турнир болып өтті.
    Аталмыш спорттық додаға ауданға қарасты қала, кент, барлық ауылдық округтердің мешіттерінен жасақталған командалар қатысып, өзара сынасты. Командалар өздерінің тек мешіт пен дін ісінің төңірегінде ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанған кәнігі спортшы екендіктерін дәлелдеп бақты.
    Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша өзгелерден оқ бойы озық шыққан командалар арасында ІІІ орын «Ар-Рахман» командасына бұйырса, ІІ орынға «Барыс» командасының имамдары табан тіреді. Жүлделі І орынды «Жеңіс» командасының имамдары қанжығаларына байлады.
    Сонымен қатар, турнир барысында үздік ойын көрсеткен Ж.Туребеков «Үздік шабуылшы» атанса, А.Айдарбеков «Үздік шабуылшы», А.Нурматов «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды.
    Сайыс соңында жүлделі орынға ие болған командалар мен түрлі номинация иеленген жекелеген ойыншыларға, аудандағы дін саласында нәтижелі қызмет етіп жүрген имамдарға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бекарыс Әбілдаев пен ауданның бас имамы Бағдат Шаймерден аудан әкімінің дипломдары мен алғыс хаттарын, бағалы заттай сыйлықтарын табыс етті.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары