ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ КЕНТАУ КАМПУСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    1 / 5
    ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ КЕНТАУ КАМПУСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
    Кентау қаласының әкімі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусына барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен және материалдық-техникалық базасымен танысты.
    Кампус директоры Бекарыс Мыңбаев білім беру үдерісі, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
    1993 жылы құрылған Кентау кампусында бүгінде 60 қызметкер еңбек етеді. Мұнда Инженерия факультетінің студенттері мен университеттің Дайындық орталығының білім алушылары білім алады.
    Кампустың материалдық-техникалық базасында үш оқу ғимараты, 400 орындық жатақхана, спорт және тренажер залдары, зертханалар, компьютерлік сыныптар мен кітапхана бар. Оқу аудиториялары заманауи мультимедиялық және интерактивті құрылғылармен жабдықталған. Кітапхана қорында 45 мыңға жуық кітап сақталған.
    Кездесу барысында оқу орнының білім беру сапасын арттыру, инфрақұрылымын дамыту және алдағы жоспарларын жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары