ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    1 / 9

    Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай Отырар ауданында сала мамандары мен ардагерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

    Іс-шараның басты мақсаты – орман шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсету, сала ардагерлерінің еңбегін дәріптеу, сондай-ақ қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, достық қарым-қатынасты нығайту.

    Турнирге қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың табиғатты қорғау, орман қорын сақтау және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріне алғыс білдірді.

    Сонымен қатар, ауданның дамуына және орман шаруашылығы саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының атынан Алғыс хаттар табысталды.

    Спорттық шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өзара ынтымақтастық пен бірлікті нығайтуға ықпал етті. Турнир барысында командалар өзара бақ сынасып, спорттық шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

    Мұндай іс-шаралар сала мамандарының еңбегін бағалап қана қоймай, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға да өз үлесін қосады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары