1 / 2
ҚАЛАДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кентау қаласы әкімдігінде Түркістан облысы прокурорының орынбасары Нұрғали Асқанбеков, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі – топ басшысы Ербол Тұрсынбаев және Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қала аға прокуроры Бақберген Абилкасимов қатысуымен мәжіліс өтті.
Жиында қаланың қоғамдық-саяси ахуалы, елді мекендердегі әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жай-күйі талқыланды.
Кездесу барысында өзекті мәселелер сараланып, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындармен кері байланысты нығайту және алдағы кезеңдегі міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.









