Жолдағы жаяу жүргінші: бір сәттік абайсыздық өмірге қауіп төндіруі мүмкін

    1 / 2

    Жол қауіпсіздігі әр адамның мұқияттылығынан басталады. Көшеден үйреншікті түрде өту де жол қозғалысы ережелері сақталмаған жағдайда қауіпті болуы мүмкін.

    Жетісу облысы полициясының Жедел басқару орталығының камералары жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын, соның ішінде жолдың жүру бөлігінен өту тәртібін сақтамау деректерін тұрақты түрде тіркеп отырады.

    Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерді жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуге, бағдаршамның сигналдарын сақтауға және жолдың жүру бөлігіне шығар алдында қауіпсіздікке көз жеткізуге шақырады. Әсіресе асығыстық пен ұялы телефонға алаңдау үлкен қауіп төндіреді.

    Жүргізушілер жылдамдық режимін сақтап, көлік басқару кезінде алаңдамауы және жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда ерекше мұқият болуы қажет.

    Есіңізде болсын: бірнеше секундтық сақтық адам өмірін сақтап қалуы мүмкін! Жетісу облысының полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын ережелерді сақтауға және бір-бірінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары