Жетісу облысы Текелі қаласының полиция бөлімінде ішкі істер органдарының жеке құрамы арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында қызметтік тәртіпті нығайту, басшылар мен бағынысты қызметкерлер арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, сондай-ақ жанжалдар мен кәсіби күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды.
Іс-шара аясында психологтар ұжымда қолайлы ахуал қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қызметкерлердің эмоционалдық жағдайына, өзара тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және күйзелісті жағдайлардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша ұжымның ауызбіршілігін арттыру, өзара сенім мен қызметкерлердің ынтасын нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Қолайлы моральдық-психологиялық ахуал – қызметтің үйлесімді ұйымдастырылуы мен міндеттердің сапалы орындалуының маңызды шарты. Өзара құрмет, қолдау және жауапкершілік кәсіби міндеттерді тиімді атқаруға дайын, ұйымшыл ұжым қалыптастыруға ықпал етеді.









