Бір тал темекі тұқылы — ұсақ-түйек пе? Қаланың тазалығы әрқайсымызға байланысты

    1 / 2

    Қаладағы тәртіп айналаға деген қарапайым құрметтен басталады. Алайда кейбір азаматтар темекі тұқылын жерге тастау әлі де елеусіз әрекет деп санайды.

    Бұл жолы Жетісу облысы полициясының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары үйінің жанында темекі тұқылын жерге тастаған 35 жастағы жергілікті тұрғынды тіркеді.

    Бейнебақылау жүйесінің көмегімен ер адамның жеке басы анықталып, қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Көшелердің тазалығы тек коммуналдық қызметтерге ғана емес, әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігіне де байланысты. Бір қарағанда елеусіз көрінетін әрекеттің өзі қаланың келбетіне әсер етеді.

    Жетісу облысының полициясы осындай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Алайда ең бастысы — камералардың бақылауын күтпей, тазалықтың қарапайым қағидаларын әркімнің өз еркімен сақтауы.

    Өз қалаңызды және айналаңыздағы адамдарды құрметтеңіз! Қоқыс тастамаңыз — тәртіп әрқайсымыздан басталады!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары