Қала басшысы «Таза Ақтау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысымен танысты

    1 / 3

    Бүгін, 16 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш «Таза Ақтау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының техникалық базасымен танысты.

    Кәсіпорын директоры Ислям Үсенов қала басшысына қызметкерлерге арналған жаңа арнайы киім үлгілерін және қала тазалығын қамтамасыз етуге арналған арнайы техникаларды таныстырды.

    Мақсат Мұқаш қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, кәсіпорынның материалдық-техникалық мүмкіндіктерін толық пайдалану және қызметкерлерге тиісті еңбек жағдайларын жасау қажеттігін атап өтті.

    – Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, өңір басшысының қолдауымен құрылған мемлекеттік кәсіпорын қысқы маусымға толық дайын болуы тиіс. Кәсіпорынның әлеуетін арттырып, қала тазалығын тиісті деңгейде қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасап, қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.

    Айта кетейік, «Таза Ақтау» қала әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын. Оның негізгі міндеті – қаланың тазалығы мен санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу. Кәсіпорын 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ресми түрде жұмысын бастайды. Мекеме 1 272 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта кәсіпорынның иелігінде 24 бірлік арнайы техника бар.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары