Мақсат Мұқаш Түркия Республикасының Ақтаудағы Бас консулымен кездесті

    1 / 4

    Бүгін, 16 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш Түркия Республикасының Ақтаудағы Бас консулы Эмре Биралмен кездесті.

    Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, өзара байланысты дамыту және қала инфрақұрылымына қатысты мәселелерді талқылады.

    Кездесуде түрік тарапы Ақтау қаласының инфрақұрылымына оң баға беріп, қаланың даму әлеуеті жөнінде пікір білдірді. Сонымен қатар, тараптар өз ұсыныстары мен өтініштерін ортаға салып, алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде пікір алмасты.

    Өз кезегінде қала әкімі Мақсат Мұқаш Түркия Республикасының өкілдерін 29 қазанда атап өтілетін Республика күнімен құттықтап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

    — Бұл – біздің алғашқы кездесуіміз, соңғысы емес. Әрдайым өздеріңізбен тығыз байланыста болып, кездесіп, қаламызға қатысты мәселелерді ашық форматта талқылауға дайынбыз, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.

    Сонымен қатар, Түркия Республикасының Ақтаудағы Бас консулы қала әкімін алдағы Республика күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары