Ақтөбеде тұрғындарға қолжетімді азық-түлік ұсынылды

    1 / 11

    Тұрғындарды қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

    Жәрмеңкеге Темір, Алға және Хромтау аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, ет, сүт және көкөніс өнімдерін нарықтағы бағадан 10–15%-ға төмен бағамен ұсынды.

    Сонымен қатар, жұмыс тобы «Табыс» әлеуметтік базарында, «Алтай» базарында және «Sky Park» автотұрағында азық-түлік өнімдерінің бағасы мен қолжетімділігіне мониторинг жүргізді.

    Бұл жұмыстар халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге және өңірдегі баға тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері қазан айының соңына дейін әр сенбі сайын ұйымдастырылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары