Республика күні қарсаңында Ақтөбе өңірінде 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.
Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.
Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Ақтөбе өңірінде «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.
«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі
«Republic Day»
Атауы Мекенжайы
«Keruen City» ОСО Ақтөбе қаласы, Мәметова көшесі, 4.
«City Shopping Center» СО Ақтөбе қаласы, 12-шағын аудан, 21Л.
«Нұрдәулет» сауда үйі Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 46.
«Мега Шығыс» СО Ақтөбе қаласы, Қонаев көшесі, 208.
«Аққу» сауда үйі Ақтөбе қаласы, Ш.Уалиханов көшесі 9.
«Aktobe Mall» ОСО Ақтөбе қаласы, Санкибай батыр көшесі, 24Б.
«Сити» сауда үйі Ақтөбе қаласы, Нұр Ақтөбе тұрғын алабы , 15.
«Айман» сауда үйі Ақтөбе қаласы, 2-шағын аудан, 6В.
«Керемет» сауда үйі Ақтөбе қаласы, Нокин көшесі, 40.
«Лиза» сауда үйі Ақтөбе қаласы, Мичуринец көшесі, 11.
«Bereke Fest»
Атауы Мекенжайы
«Анвар» сауда желісі Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 80, 49/1.
«Дина» сауда желісі Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 13Б.
«Назран» сауда үйі Алға қаласы, 5-шағын аудан.
«Стамбул» дүкені Алға қаласы, Мұханбетова көшесі, 28А.
«Мегапланета» дүкені Бадамша ауылы, Есет батыр көшесі, 991.
«Ар-Амир» дүкені Темір қаласы, Байғанин көшесі, 23А.
«Стамбул» дүкені Темір қаласы, Байғанин көшесі, 16В.
«Дина» сауда желісі Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 14Б.
«МАДИ» дүкені Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 112Б.
«Алим» дүкені Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 112В.
«Жаксылык» дүкені Ақтөбе қаласы, Аз-Наурыз көшесі, 31А.









