Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі департаменттің ресми аккаунттарында тікелей эфир форматында өткен «Жолдағы қабылдау» республикалық екі күндік акциясына қатысты. Ведомствоның жетекші қызметтерінің басшылары мен тәжірибелі қызметкерлері азаматтардың жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысты өзекті сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Данияр Іргебаев Петропавлдағы жаңа автокөпір арқылы өту тәртібін түсіндірді. Оның айтуынша, бағдаршамның жыпылықтайтын ақшыл-ай түсті сигналы қозғалысқа рұқсат береді және тоқтау сызығының алдында тоқтауды талап етпейді. Сондай-ақ Ярослав Гашек көшесінің тұрғыны жүк көліктерінің тыйым салатын белгілерге қарамастан жүруіне қатысты мәселе көтерді. Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Бахтияр Күзембаев бұл учаске бақылауда екенін, ереже бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. Жаңа құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда тұрғындарға полицияға дереу хабарлау ұсынылды. Тікелей эфирлер барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу және процессингтік орталықтың жұмысына қатысты ондаған сұрақ түсті. Барлық өтініш бойынша түсініктемелер беріліп, тексеруді қажет ететін деректер бойынша тиісті жұмыс басталды. Мұндай онлайн кездесулер полицияға тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюға және қоғаммен бірлесе отырып, өңірде «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.
СҚО полицейлері екі күндік онлайн-акция барысында өңір тұрғындарына тікелей эфирде кеңес берді
1 / 4
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ӨЗГЕРСЕ, САНАТЫ ДА ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіАшу
МЕМЛЕКЕТ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіАшу
ОТБАСЫН ҚОЛДАУ – ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ӨЗЕГІ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіАшу
ЦИФРОВАЯ КАРТА СЕМЬИ: ОЦЕНКА БЛАГОПОЛУЧИЯ ПО 30+ БАЗАМ ДАННЫХОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ: ӘЛ-АУҚАТ ДЕҢГЕЙІ 30-ДАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕРЕКҚОР НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАНАДЫ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіАшу
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫ НАҚТЫ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БАҒЫТТАУ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіАшу
"Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Петропавл орталығында полицейлер түске дейін мас жүргізушіні тоқтатты
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Петропавлда полицейлер мен судьялар құқық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
СҚО полицейлері «Таза Қазақстан» аясында тазалықты сақтауға үлес қосуда
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметов Психикалық денсаулық орталығының директоры Дәуренбек Бисембаевпен жұмыс кездесуін өткізді.
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
СҚО ПД бастығы облыстың шалғай аудандарын аралады
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу