Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) тәртібі туралы хабарлайды.
Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз тасығыштағы құжат түрінде берген өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер тауарлар шығарылғанға дейін өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін, егер декларанттың өтінішін алған сәтке дейін кеден органы:
- Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 410-бабына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратпаса (тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру туралы);
- декларантқа кедендік тексеру орны мен уақыты туралы хабарламаса;
- кедендік қарау жүргізу туралы шешім қабылдамаса;
- кедендік сараптама тағайындамаса.
Жоғарыда аталған ережелерге қарамастан, декларанттың электрондық құжат немесе қағаз тасығыштағы құжат түрінде берген өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) жол беріледі, егер мұндай өзгерістер (толықтырулар) мыналармен байланысты болса:
- декларацияланатын тауарлардың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертумен;
- тауарлардың шығарылуына әсер етпейтін қателерді немесе грамматикалық қателерді түзетумен.
Маңызды: Тіркелген кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы тіркелген кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардан басқа тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге әкеп соқпауы тиіс.
Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді және қағаз тасығыштағы кедендік декларацияның электрондық түріндегі мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссиямен айқындалады.









