Өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1 875 шақырым, оның 262 шақырымында реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Қалған 1 613 шақырым жолды күтіп-ұстауды «ҚАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының алты жол пайдалану бөлімшесі мен тоғыз пункті қамтамасыз етеді. Филиалда 375 қызметкер жұмыс істейді.
Қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техниканың 126 бірлігі дайындалды. Олардың қатарында роторлы қар тазалағыштар, автогрейдерлер, тракторлар, тиегіштер, бульдозерлер, экскаваторлар және аралас жол машиналары бар.
Сондай-ақ автомобиль жолдарының бойында 99 жатын орны бар 15 жылыту пункті қарастырылған. Қысқы кезеңге дайындық аясында құм, тұз және көмір қоры жасақталып, қардан қорғайтын қалқандар мен «Тайғақ жол» ескерту белгілері дайындалуда.
Қабылданып жатқан шаралар қысқы қолайсыз ауа райы жағдайында көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.
Ақтөбе облысында 2026–2027 жылдардың қысқы кезеңіне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дайындау жұмыстары жалғасуда
Ұқсас материалдар

Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету мәселелері бойынша кездесу өтті
Жетес би ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Семинар өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРІ 90 ЖАСҚА ТОЛДЫ!
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Білім беру ұйымдарында тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының профилактикасы
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Семинарға қатысу туралы
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
"Шалқар ауданы әкімдігі" жаңалықтары

Шалқарлық кәсіпкер жылыжай кәсібін дөңгелетіп отыр
Шалқар ауданы әкімдігіАшу
Ақтөбе облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 24 млн теңгеге жуық өнімді сатты
Шалқар ауданы әкімдігіАшу
Инвестициялар туралы келісім: Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады
Шалқар ауданы әкімдігіАшу
Төрт жолақты жол және жаңа көпірлер: Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар трассалардағы жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр
Шалқар ауданы әкімдігіАшу
Елорда төрінде Ақтөбе облысының креативті индустрия өкілдерін біріктіретін ауқымды жәрмеңке өтеді!
Шалқар ауданы әкімдігіАшу