«№ 29 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-де профилактикалық бақылау аяқталды

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазин Әли «№ 29 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-де профилактикалық бақылау жүргізуді аяқтады.

    Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және жұмыс берушінің құқықтық сауаттылығын арттыру.

    Бақылау іс-шарасы барысында еңбек қатынастарын реттейтін еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына, оның ішінде еңбек шарттарын рәсімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимін сақтау, сондай-ақ қызметкерлерге заңнамада көзделген кепілдіктер мен құқықтарды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Профилактикалық бақылау еңбек заңнамасын бұзудың ықтимал тәуекелдерін уақтылы анықтауға, жұмыс берушілерге заңнама талаптарын түсіндіруге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

    Мұндай іс-шараларды өткізу еңбек тәртібін нығайтуға, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары