Астанада жыл басынан бері тыныштықты бұзудың 50 мыңға жуық дерегі тоқтатылды

    Елордада қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

    Жыл басынан бері Астанада тыныштықты бұзуға байланысты 50 мыңға жуық құқық бұзушылық фактісі тіркелді.

    Мәселен, түнгі сағат 03:30 шамасында Торайғыров көшесінде тыныштықтың бұзылғаны туралы “102” арнасына хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, мән-жайды анықтады.

    Тексеру барысында тыныштықты бұзу фактісі анықталып, 20 жастағы азаматқа қатысты заң аясында шара қабылданды.

    Полиция азаматтарға түнгі уақытта тыныштықты сақтап, айналасындағылардың демалу құқығын құрметтеу қажеттігін ескертеді. Әсіресе тұрғын үйлердің маңында қатты музыка қою, айқайлау және өзге де шу шығаратын әрекеттер көршілердің мазасын алып, заң талаптарын бұзуға әкеп соғуы мүмкін.

    Қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Егер тыныштық бұзылып, құқық бұзушылық болса, азаматтар полицияның “102” арнасына хабарласа алады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары