Қазақ ұлттық хореография академиясында Жапонияның Yoshiko Takagi Ballet School балет мектебінің 22 оқушысы мен төрт оқытушысы білім алып жатыр.
Оқу бағдарламасы аясында Академия педагогтері классикалық және ұлттық-сахналық би бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, балет қойылымдарындағы жеке би нөмірлерін үйретеді.
Жапон балет мектебінің өкілдері ел мәдениетімен, елорда сәулетімен танысып, Астананың көрікті жерлерін аралады. Қонақтар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, «Астана Опера» және «Астана Балет» театрларына барып, «Алтын Гүл» ұлттық балетін тамашалады. Сондай-ақ Академия түлектерімен кездесті.
Оқу бағдарламасы жапон өнерпаздарын қазақстандық балет мектебімен таныстыруға, кәсіби тәжірибе алмасуға және хореография өнері саласындағы халықаралық байланысты нығайтуға бағытталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі









