2026 жылғы 13 қазанда Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының (ҚАҰӨО) жанындағы Жастар денсаулығы орталығында Алматы қаласындағы Жастар денсаулығы орталықтарының еріктілеріне арналған интерактивті тренинг өтті.
Тренингтің тақырыбы: «Жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-ның алдын алу: заманауи тәсілдер және жұмыстың интерактивті әдістері».
Іс-шара «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» ҚБ тарапынан «Жастар (15–29 жас) арасында АИТВ мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Тренингке Алматы қаласындағы Жастар денсаулығы орталықтарының еріктілері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша білімдерін жетілдіріп, жастарды ақпараттандырудың заманауи әдістерін талқылады, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыс жүргізудің интерактивті тәсілдерін меңгерді.
Тренинг соңында барлық қатысушы оқудан өткенін растайтын сертификаттарға ие болды.
Мұндай іс-шаралар еріктілер қозғалысын дамытуға, жас белсенділердің кәсіби құзыреттерін арттыруға және жастар арасында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.





