Ақши ауылында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық кеңістіктерді жаңарту және елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, К. Қасымұлы көшесінің бойында кешенді спорттық-ойын алаңының құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында балалар алаңы, футбол және волейбол алаңдары, сквер мен воркаут аймағын салу көзделген. Нысан тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және белсенді демалысына мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жобаның мердігері болып РГП «Еңбек» анықталған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 40 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ескерткіші орналасқан аллеяда ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған. Аталған жобаның құны – 9,8 млн теңге. Жұмыстарды «Киелі ақ шатыр» мүгедектігі бар тұлғалар қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Қазіргі кезде аллеяны жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Аталған жобалар ауылдың қоғамдық кеңістіктерін жақсартуға, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға және елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған. Екі нысандағы жұмыстарды да қазан айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
АҚШИ АУЫЛЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
1 / 6
Ұқсас материалдар

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Жауапкершілік - мамандықтың негізі
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Жол қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ГУ Аппарата акима Жагаталского сельского округаАшу
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау
Көкпекті ауданының әкімдігіАшу
«Visit Karaganda» туристік ақпараттық орталығының командасы
Шет ауданының әкімдігіАшу
""Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары

29 қараша-сайлау күні!
"Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімі аппараты" ММАшу
АҚШИ АУЫЛЫНДА ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫН ҚОРШАУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
"Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімі аппараты" ММАшу
🏗️ АҚШИ АУЫЛЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
"Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімі аппараты" ММАшу
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
"Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімі аппараты" ММАшу
⚠️ ФЕРМАЛАР МЕН ШАРУАЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ
"Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімі аппараты" ММАшу