АҚШИ АУЫЛЫНДА ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫН ҚОРШАУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

    1 / 4


    Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов Ақши ауылындағы қоқыс полигонының қоршау жұмыстарымен танысты.

    Жобаның жалпы құны – 26 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын «Кенен бұлақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мердігер ретінде жүзеге асырды. Қазіргі уақытта қоршау жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

    Полигон аумағын қоршау – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтардың белгіленген аумақтан тыс таралуына жол бермеу және санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы маңызды шаралардың бірі.

    Мұндай жұмыстар елді мекендердегі экологиялық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

    Аудан аумағында инфрақұрылымды жақсарту, санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары