«Заң мен тәртіп»: жастарға арналған танымдық экскурсия және КВЕСТ ойыны

    2026 жылғы 13 қазан күні Қарағанды облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жастарға арналған танымдық іс-шара өтті. Аталған шараға Шет ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шет ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік органдардың қызметімен таныстыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды түсіндіру. Іс-шара барысында жастар ауданымыздағы құқық қорғау және төтенше жағдайлар органдарының қызметімен танысып, олардың жұмыс тәртібі, негізгі міндеттері мен мамандықтарының ерекшеліктері туралы ақпарат алды. Экскурсия аясында қатысушылар: * Шет ауданының полиция бөліміне барып, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстармен танысты; * Шет ауданының прокуратурасына барып, заңдылықтың сақталуын қадағалау және азаматтардың құқықтарын қорғау қызметі туралы мәлімет алды; * Шет ауданының төтенше жағдайлар бөліміне барып, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы қызметпен танысты. Танымдық экскурсиядан кейін жастардың құқықтық білімін нығайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және топтық жұмыс дағдыларын жетілдіру мақсатында Шет ауданының жастар ресурстық орталығында КВЕСТ ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Аталған іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметіне деген қызығушылығын қалыптастыруға және заң талаптарын құрметтеуге бағытталды. Сонымен қатар, жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруына мүмкіндік берді. переведи на русский

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Көктінкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары