Жадынама

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндеттелген мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін



    Мәслихат депутаттығына кандидаттар және олардың жұбайлары (бұдан әрі-Кандидат) тіркелгенге дейін мемлекеттік кірістер органдарына 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады (кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 14-нен 27 қазанға дейін).

    Активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияда көрсетілген мәліметтер:

    -шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес құқықтар мен (немесе) мәмілелер шетелдік мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік:

    жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері;

    көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;

    шетелдік банк шоттарындағы ақшалай қаражат, жиынтық сомасы 1000 АЕК-тен салық;

    - ҚР-да және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік және міндеттемелер:

    тұрғын үй құрылысындағы үлес;

    Қазақстаннан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;

    бағалы қағаздар, ЗТҚ (зейнетақы жинақтаушы қор);

    цифрлық активтер;

    инвестициялық алтын;

    зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;

    қолма-қол ақша, 10 000 АЕК-тен асатын (бағалау құны болған кезде)

    расталған дебиторлық/кредиторлық берешек;

    жеке тұлғалар арасындағы нотариалды куәландырылған шартпен;

    жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкер, оның ішінде резидент емес болып табылатындар арасындағы салыстырып тексеру актісімен және ШҚТ (шартты құқықтық тәртіп) шартымен;

    заңды күшіне енген сот шешімімен.
    Қағаз жеткізгішке кезекті тәртіппен келесі тәсілдердің бірімен:
    мемлекеттік кірістер органдарына;
    халыққа қызмет көрсету орталығына;
    пошта арқылы тапсырыс хатпен.
    Сурақтар туындаған жағдайда 1414 Байланыс-орталығына немесе тұрғылықты жері бойынша салық органдарына жүгіну қажет
    Декларацияны толтырудың алдында тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындау ұсынылады:
    - декларацияны ұсыну мерзімінен кешіктермей тәуелсіз бағалаушыдан құны бірлігі 1000 АЕК-тен асатын басқа да мүлікті (қалауы бойынша) бағалау;
    - нотариустан осындай декларацияны жасау күніне қалыптасқан жеке тұлғалар арасындағы дебиторлық және кредиторлық берешекті куәландыру, сондай-ақ олардың орындалуын/атқарылуын куәландыру декларацияда банктік заем шарттары көрсетілуге жатпайды);
    .
    Анықтама үшін: нотариус куәландыруын талап етпейтін дебиторлық және кредиторлық берешек:
    - жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкер, оның ішінде резидент емес болып табылатындар арасындағы – салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде;
    - заңды күшіне енген сот шешімімен расталған.


    МАҢЫЗДЫ!!!
    Декларацияны толтырудың алдында декларациялауға жататын мәліметтердің дұрыстығын келесі сайттарда өз бетінше тексеру қажет:
    1) бағалы қағаздар бойынша https://sso.kacd.kz;
    2) тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу шарттары бойынша https://homeportal.kz/ru/; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;
    3) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;
    4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;
    5) дебиторлық/кредиторлық берешектің болуы бойынша (нотариалды куәландырылған заем шарты) ҚР Республикалық нотариаттық палатасына сұрау жіберу.

    Мәліметтердің дұрыс болмауы кезінде тікелей мына мекемелерге жүгіну қажет:
    бағалы қағаздар бойынша – «Орталық бағалы қағаздар депозитарий» АҚ-на;
    үлестік қатысу бойынша – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне;
    авторлық құқық бойынша – «Зияткерлік меншік ұлттық институты» РМК-на;
    сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» 1414» КЕАҚ-на;
    заем шарттары бойынша – Республикалық нотариаттық палатаға.

    Декларацияны ұсыну тәсілдері:
    Электрондық түрде:
    Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушінің кабинеті» web-порталы арқылы (ҰСҚС ИС) https://knp.kgd.gov.kz/signin;
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары