Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау

    Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау

    Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндетімен тығыз байланысты.

    Осыған орай, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудің маңызы зор.

    Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құқықтық негіздерін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілер құрайды. Аталғанқұқықтыққұжаттар мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, қызметтік міндеттерін орындауына және мүдделер қақтығысының алдын алуға қатысты талаптарды белгілейді.

    Мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында заңдылық, әділдік, ашықтық және адалдық қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс. Қызметтік өкілеттіктерді жеке басының немесе өзге де адамдардың мүддесі үшін пайдалануға, заңсыз артықшылықтар алуға, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардан қызметтік міндеттерді орындағаны үшін сыйақы немесе өзге де материалдық игіліктер қабылдауға жол берілмейді.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мүдделер қақтығысын болдырмау мәселесі де ерекше орын алады. Мемлекеттік қызметші өзінің жеке мүддесі қызметтік міндеттерін объективті әрі бейтарап орындауына ықпал етуі мүмкін жағдайларды дер кезінде анықтап, заңнамада көзделген тәртіппен тиісті басшысына хабарлауы қажет. Мұндай талаптарды сақтау қабылданатын шешімдердің әділдігі мен заңдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдарда тұрақты түрде семинарлар, дөңгелек үстелдер, құқықтық оқыту сабақтары және ақпараттық кездесулер ұйымдастырылады. Іс-шаралар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп нормалары, сыйлықтарға қатысты шектеулер және заң бұзушылықтар үшін көзделген жауаптылық мәселелері нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындау кезінде күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда заңгерлік кеңеске жүгіну, белгіленген ішкі рәсімдерді сақтау және заңсыз әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі ескертіледі. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алумақсатындамемлекеттік органдарда ашықтықты қамтамасыз ету, ішкі бақылауды жетілдіру және құқық бұзушылықтар туралы хабарлау тетіктерітиімді,қатар жүргізілуі керек.

    Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау тек заң алдындағы міндет қана емес, сонымен бірге қоғам алдындағы жауапкершілік екенін түсінуі қажет. Заң талаптарын мүлтіксіз орындау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту және қызметтік шешімдерді әділ қабылдау мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға ықпал етеді.

    Қорытындылай келе,әрбір мемлекеттік органдамемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары тұрақты, жүйелі және мазмұнды түрде жүргізілуі тиіс. Құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық мәдениетін қалыптастыру және әрбір қызметшінің жеке жауапкершілігін күшейту арқылы ғана сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, халыққа сапалы әрі әділ мемлекеттік қызмет көрсетуге болады.

    Көкпекті ауданының

    жергілікті атқарушы органдарының

    Әдеп жөніндегі уәкіліГ. Анкебаева

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көкпекті ауданының әкімдігі" жаңалықтары