Маңғыстауауданында алдағы сайлауға дайындық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалуына байланысты, бүгін 13 қазан күні Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді. Отырысқа АСК мүшелері мен аудандық БАҚ өкілі қатысты.
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Л. Жонасов күн тәртібіндегі мәселелермен қатысушыларды таныстырып өтті.
Отырыста 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары мен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі бекітілді. Комиссия төрағасы алдағы маңызды саяси науқанға дайындық жұмыстарын жүргізу жөнінде комиссия мүшелеріне тапсырмалар жүктеді.







