Елордада «Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясында 4 700-ден астам тұрғын үй нысаны тексерілді

    Астанада қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғын үй секторындағы қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
    Іс-шара басталғалы бері полицейлер 4 700-ден астам тұрғын үй нысанын тексеріп, 170-ке жуық проблемалық нысанды аралады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 372 дерегі анықталды. Сонымен қатар құқық бұзушылық жасаған 157 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.
    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қару иелеріне де тексеру жүргізілді. Полиция қызметкерлері 828 қару иесін тексеріп, қаруды сақтау және тіркеу қағидаларын бұзудың 23 дерегін анықтады.
    Алкоголь өнімдерін түнгі уақытта сатқаны үшін 17 дүкенге қатысты әкімшілік материалдар рәсімделіп, сотқа жолданды.
    Тұрғындардың қауіпсіздік мәселелері бойынша ұсыныстары мен өтініштерін жедел жеткізуіне мүмкіндік жасау мақсатында тұрғын үйлердің кіреберістеріне QR-кодтар орналастырылды.
    «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы 5 қарашаға дейін жалғасады. Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға және күмәнді жағдайлар туралы дер кезінде хабарлауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары