2026 жылғы 13 қазанда Қаратал ауданының әкімі У. Досымбековтің Елтай ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ ауылында тұрғындармен кездесуі өтті.
Кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында ұйымдастырылды. Аталған Жарлық жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, сондай-ақ билік пен халық арасындағы тиімді диалогты нығайтуға бағытталған.
Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындарды Қаратал ауданының ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, 2026 жылдың соңына дейін атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, мал жаюды ұйымдастыру, облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойына қоршау орнату, тұрғын үймен қамтамасыз ету, Қаражиде ауылының мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайту және халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қосымша зерделеуді және тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Берілген тапсырмалардың орындалуы және көтерілген мәселелердің одан әрі шешілуі аудан әкімдігінің бақылауында болады.
Мұндай кездесулер тұрғындарды толғандырған мәселелерді дер кезінде анықтауға, оларды шешудің нақты жолдарын айқындауға және жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Басты мақсат - аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және ауылдық аумақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.
Қаратал ауданының әкімі Елтай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
1 / 3
Ұқсас материалдар
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9-шы қазандағы № 2/54 шешімі
Қорғалжын ауданының мәслихатыАшуАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Шахтинск қалалық мәслихатының аппаратыАшу
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 532 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛІП, 187 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Темір ауданы әкімдігіАшу
Сот үкімімен үш автокөлік мемлекет меншігіне берілді
Жетісу облысының Әділет департаментіАшу
"Жетісу облысы Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

Жетісуда жыл соңына дейін облыстық маңызы бар жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 96%-ға жетеді
Жетісу облысы Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
AI-Sana: Жетісу университетінде AI-DOS дауыстық көмекшісі әзірленді
Жетісу облысы Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Жетісуда биыл 146 мың гектардан астам жер суарылды
Жетісу облысы Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Жұмыс берушілер қызметкерлерді міндетті сақтандыруды онлайн рәсімдей алады
Жетісу облысы Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
2026 жылғы 7 қазанда Елтай ауылдық округінің әкімі Әділбек Қазбекұлы Қаражиде ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Жетісу облысы Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу