Маңғыстауда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында меморандумға қол қойылды

    1 / 2

    Маңғыстау облысында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың рухани-танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама қолға алынды. Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

    Құжатқа Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков қол қойды.

    Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты - республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын Маңғыстау облысында бірлесіп жүзеге асыру, кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау, кітап оқитын орта қалыптастыру және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру.
    Бұл бастама Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту, білімге құштарлықты арттыру және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған Жарлығын іске асырудың маңызды тетіктерінің бірі болмақ.

    Меморандум аясында кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған түрлі қоғамдық-ағартушылық іс-шаралар, оқырмандық бастамалар мен марафонның өңірлік кезеңдері ұйымдастырылмақ.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары