Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, қала әкімі Нұржан Ахатов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, қарттарды мерекемен құттықтады.
«Қазақ халқы үшін үлкенді сыйлау, қарттықты қадірлеу – ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан озық дәстүр.
Бұл – өскелең ұрпақ үшін өлшеусіз рухани қазына. Сондықтан қазыналы қарияларымызды құрметтеу – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Аймақ ардагерлерін әлеуметтік қолдау – менің назарымдағы басты мәселе. Сіздерге көрсетілетін қамқорлық әрі қарай да жалғаса береді.
Біз Сіздерге қолайлы жағдай жасап, қызмет көрсетуге қашан да дайынбыз. Баршаңызға мықты денсаулық, амандық тілеймін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Аймақ басшысы орталық ғимаратының алдындағы киіз үйде ұйымдастырылған көрмемен танысты. Көрмеге қызмет алушылардың өз қолымен жасаған ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдары қойылған.
Бүгінде өңірде 90 мыңға жуық қарт тұрады. Оның 2 мыңнан астамы арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған. №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына биыл 843,8 млн теңге қаржы бөлінді.
Орталық заманауи талаптарға сай жабдықталып, қызмет алушылардың денсаулығын жақсарту, оңалту үшін қолайлы жағдай жасалды. Материалдық-техникалық базаны толықтыру әлі де жалғасады.
Сонымен қатар Талсуат елді мекеніндегі 150 орынға арналған оңалту орталығында, Қызылорда қаласындағы 50 орындық жартылай стационарда зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
1 / 5
Ұқсас материалдар

Столичные спасатели перешли на зимнюю форму одежды
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Астанада киберқауіпсіздікке арналған форум өтті
Астана қаласының әкімдігіАшу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Әдеп жөніндегі уәкіліАшу
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Әдеп жөніндегі уәкіліАшу
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Әдеп жөніндегі уәкіліАшу
"Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Шиеліде күн-электр станциясы іске қосылды
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Аймақ басшысы Бәйгеқұм және Еңбекші ауылдарының тұрғындарымен кездесті
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Шиелі ауданының коммуналдық меншігіндегі мүлікті жекешелендіру туралы.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу