1 / 4
Ақшоқы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – ауыл аумағының санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Таза әрі көрікті ауыл қалыптастыру әрбір азаматтың қоршаған ортаға деген жанашырлығы мен жауапкершілігінен басталады. Осындай игі бастамалар ауылдың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарды бірлікке, ұйымшылдыққа және табиғатты аялауға үндейді.









