Қаратал ауданының әкімі Бастөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

    1 / 6

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында бүгін, 13 қазанда, Қаратал ауданының әкімі У. Досымбековтің Бастөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті.
    Кездесу басталмас бұрын аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, оларды толғандырған сұрақтар бойынша түсініктемелер берді.
    Халықпен кездесу Бастөбе ауылындағы М. Горький атындағы орта мектепте өтті. Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындарды Қаратал ауданының 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.
    Ауыл тұрғындары аудан әкіміне атқарылып жатқан жұмыстар мен елді мекендердің дамуына көрсетіліп отырған көңіл үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, ашық диалог барысында шешуді және қосымша қарастыруды қажет ететін бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
    Атап айтқанда, Бастөбе және Жылыбұлақ ауылдарындағы су ағызу арналары мен қашыртқы каналдарды тазалауға көмек көрсету, 24-шағынаудандағы жолды жөндеу, балалар ойын алаңдарын салу, сондай-ақ Бастөбе ауылында дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу мәселелері айтылды.
    Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеу және оларды шешу бойынша алдағы шараларды айқындау мақсатында жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
    Халықпен кездесулер жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайтуға, өзекті мәселелерді дер кезінде анықтауға және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді. Кездесу барысында көтерілген мәселелер тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту және Қаратал ауданының ауылдық аумақтарын дамыту мақсатында одан әрі пысықталатын

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары