Оқушылардың дұрыс тамақтануы бойынша өткізілген іс-шара туралы

    1 / 2

    2026 жылы Бастөбе ауылдық округіне қарасты Ортатөбе ауылындағы Панфилов атындағы орта мектепте оқушылардың дұрыс тамақтануы тақырыбында іс-шара өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайтуға бағытталған пайдалы әдеттерді насихаттау.Іс-шара барысында оқушыларға дәрумендерге бай тағамдарды тұтыну, көкөністер мен жемістерді күнделікті ас мәзіріне қосу, уақытылы тамақтану және зиянды тағамдарды шамадан тыс пайдаланбау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа, өсу мен дамуға және оқу үлгеріміне тигізетін оң әсері атап өтілді. Оқушыларға жеке бас гигиенасын сақтау мен таза ауыз су ішудің маңыздылығы да түсіндірілді.Іс-шара оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары