Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин Ортақ және Ақкөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Ортақ ауылында өткен кездесуге 33 адам қатысты. Тұрғындар ауылға кіреберіс жолды жөндеу мәселесін көтерді.
Аталған мәселе бойынша мердігер ұйым анықталып, келісімшарт жасалғаны айтылды. Қазіргі уақытта облыстық бюджеттен қаражат бөлу күтілуде. Жөндеу жұмыстарын 2027 жылы бастау жоспарлануда.
Ақкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу Ивановка ауылында өтіп, оған 29 адам қатысты. Тұрғындар абаттандыру, жолдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтерді.
Аталған жұмыстар бойынша сметалар дайындалған. Аудан әкімі ауылдық округ әкіміне қаражат бөлуге бюджеттік өтінім ұсынуды тапсырды. Бұл мәселелерді қаржыландыру мүмкіндігі 2027 жылы қаралатын болады.









