Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының бұйрығымен Сакен Жұмағалиұлы Қасымов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Сакен Жұмағалиұлы 46 жаста. Қызылорда облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Алматы қаласының Қазынашылық департаментінде, Астана қаласының Салық комитетінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. ҚР Қаржы министрлігінде сарапшы, бас сарапшы лауазымдарын атқарған. Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінде басшының орынбасары және басшы болып қызмет еткен.
Осы тағайындауға дейін Сакен Жұмағалиұлы Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметін атқарған.








