Жолымбет кентінде маңызды әрі қуанышты оқиға орын алды. «АК Алтыналмас» АҚ Жолымбет дәрігерлік амбулаториясына жаңа реанимобильдің кілтін табыстады.
Аудан әкімі осы игі оқиғаға орай жиналғандарды құттықтап, денсаулық сақтау саласын қолдаудың және тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар кент тұрғындарының денсаулығына қамқорлық танытып, әлеуметтік жауапкершілік көрсетудің маңыздылығына тоқталды.
Жаңа реанимобиль медицина қызметкерлеріне шұғыл жағдайларда жедел әрекет етуге, науқастарға уақытылы көмек көрсетуге және қажет болған жағдайда оларды медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл бастама жергілікті денсаулық сақтау саласын дамытуға және тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қосылған маңызды үлес болып табылады.









