Оқу-жаттығу өткізілді

    2026 жылғы 8 қазанда Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Көкшетау қаласының халықаралық әуежайында Қырым-Конго геморрагиялық қызбасына (ҚКГҚ) күдікті науқас анықталған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі бойынша кабинет форматында оқу-жаттығу өткізді.Оқу-жаттығу барысында науқасты анықтау және ауруханаға жатқызу, инфекция ошағында дезинфекция жүргізу, байланыста болған адамдарды оқшаулау және медициналық бақылауға алу, сондай-ақ зертханалық зерттеулер үшін сынамалар алу мәселелері пысықталды. Медициналық қызметкерлер жеке қорғаныш костюмдерін кию және шешу тәртібін де орындады. Сонымен қатар шекаралық бақылау қызметімен, әуежайдың өндірістік-диспетчерлік қызметімен, авиациялық қауіпсіздік қызметімен, әуе тасымалдаушыларының өкілдерімен, жолаушыларға қызмет көрсету қызметімен және желілік полиция бөлімшесімен өзара іс-қимыл және хабардар ету алгоритмдері пысықталды. Оқу-жаттығу нәтижесінде барлық қатысушы қызметтердің іс-қимылдары белгіленген сценарийге сәйкес үйлестірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары