Минск қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің IX съезінде Қазақстан делегациясының үш мүшесі «ТМД білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар қазақстандық педагогтер IV Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде екі бірінші және бір екінші орынды иеленді.
Төсбелгі иегерлері қатарында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері Жаубай Қараев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова және Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі Алина Соловьёва бар.
Съезге жеті мемлекеттің өкілдері қатысты. Қатысушылар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, педагогтердің кәсіби ұтқырлығын арттыру, инновацияларды енгізу және тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату мәселелерін талқылады.
Беларусьтің Ұлттық білім академиясында ұйымдастырылған фестивальдің бетпе-бет кезеңінде қатысушылар шеберлік сабақтарын өткізіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы №1 мектеп-лицейінің педагогі Бауыржан Базарбаев бірінші орынды иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Тәрбиеші» номинациясында Ақтөбе облысының өкілі Индира Назарова бірінші орынға ие болды.
«Психолог / әлеуметтік педагог» номинациясында Павлодар облысының өкілі Римма Абигузина екінші орынды иеленді.
Марапат иелері мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Қазақстандық педагогтер Минскіде халықаралық марапаттарға ие болды
1 / 4
Ұқсас материалдар

Педагог мәртебесі: жаңа талаптар мен даму бағыттары
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіАшу
Ақтөбе облысында жол қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы тексерілуде
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
ҮШАРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қалалық әкімінің аппаратыАшу
Бисен ауылында 5 көшеге асфальт төселуде
Бөкей ордасы ауданының әкімдігіАшуМемлекет басшысының барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығының қабылдануына байланысты, Атбасар аудандық мәслихатының 8-ші шақырылымның депутаттары 2026 жылғы 13 қазаннан бастап өз өкілеттіктерін тоқтатты
Атбасар ауданының мәслихатыАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысының Қоянды ауылындағы мектеп педагогтерімен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Елордалық оқушылар мектеп бақшасында өздері өсірген өнімді жинады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстан FIRST Global Challenge 2026 чемпионатында әлемнің үздік төрттігіне енді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Астанада VII ASTAUFEST халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Жұлдыз Сүлейменова «Білім-инновация» лицейлерінің басшылығымен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу