Юбилейный творческий вечер «ЖЕТІСУЫМ – МЕКЕНІМ»

    1 / 6

    Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші-күйші Бақберген Асқарбековтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Жетісуым – мекенім» атты шығармашылық концерті жоғары деңгейде өтті.

    Әсем ән мен күмбірлеген күйге толы кеште ұлттық өнер дәріптеліп, Жетісудың рухани мұрасы мен туған жерге деген сүйіспеншілік кеңінен көрініс тапты.

    Концерт барысында мерейтой иесінің шығармашылығындағы таңдаулы туындылар орындалып, көрерменге ерекше көңіл күй мен рухани әсер сыйлады. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен халықтық саздар үндескен кеш өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.

    Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындалған шығармалар концерттің көркемдік деңгейін арттыра түсті.

    Бұл мерейтойлық кеш – өнерге деген құрметті арттырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды мәдени шара болды.

    Бақберген Асқарбековті 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!Әніңіз асқақтап, күйіңіз күмбірлей берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары