Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді.
Мәртебелі меймандар дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібімен танысты.
Бельгия Королі мен Патшайымына ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдыларын, таным-түйсігін және өз бетінше әрекет ету қабілетін шыңдауға бағытталған медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалтудың және әлеуметтік бейімдеудің заманауи әдістері туралы баяндалды.
Жеке қалпына келтіру бағдарламаларында роботтандырылған реабилитация технологиясы да қолданылады.
Орталық жұмысында әлеуметтік интеграцияға және балалардың қоғам тіршілігінен тыс қалмай, толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға айрықша мән беріледі.
Король Филипп пен Патшайым Матильда балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты.
Бұдан кейін меймандар Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Ұлттық балаларды оңалту орталығы психоневрологиялық дертке шалдыққан, сөйлеуінде, когнитивті дамуында және мінез-құлқында бұзылыстары бар, соның ішінде церебралды сал аурына душар болған және аутистік спектрі бұзылған балаларға кешенді көмек ұсынады.
Жыл сайын Қазақстанның барлық аймағынан 5 мыңнан астам пациентке оңалту қызметтері көрсетіледі.
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
1 / 16
Ұқсас материалдар

Шымкентте өзбек халқының мәдениеті мен ұлттық дәстүріне арналған фестиваль өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында ШҚО полициясы ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтады
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Семейде 1400 оқушыға арналған BINOM мектебі салынып жатыр
Абай облысының білім басқармасыАшу
Қазақстанда ел тарихы мен мәдениетіне арналған үстел ойыны жасалды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" жаңалықтары

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ҚОС ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
ҚР ДСМАшу
12 ҚАЗАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АРТРИТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
ҚР ДСМАшу
МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТТАРЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АРТЫҚ САЛМАҚТЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫН КҮШЕЙТТІ
ҚР ДСМАшу
АСТАНАДА «АСЫЛ ҚАДАМ» АЛЛЕЯСЫНДА ДОНОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
ҚР ДСМАшу
ОРВИ-МЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ 10%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ: ҚАЗАҚСТАНДА ТҰМАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТІРКЕЛДІ
ҚР ДСМАшу