Спорттық гимнастикадан Роттердамдағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

    17-25 қазан аралығында Нидерландтың Роттердам қаласындағы Rotterdam Ahoy аренасында спорттық гимнастикадан 54-ші әлем чемпионаты өтеді.

    Аталған кешенде әлем біріншілігі 2010 жылы да ұйымдастырылған.

    Әлемдік додада Қазақстан намысын қорғайтын ұлттық құрама сапына алты гимнаст енді:

    1. Нариман Курбанов
    2. Милад Карими
    3. Дмитрий Патанин
    4. Ильяс Азизов
    5. Нұрлан Ыдырысов
    6. Роман Хегай

    Маусымның басты додаларының бірі саналатын чемпионатта 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сонымен қатар, бәсекеде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға арналған алғашқы командалық жолдамалар ойнатылады.

    Халықаралық гимнастика федерациясы мен Халықаралық Олимпиада комитетінің іріктеу жүйесіне сәйкес, көпсайыста командалық финалға шыққан ерлер мен әйелдер арасындағы үздік үш құрама бес спортшыдан тұратын командасымен 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Қалған тоғыз командалық квотаның иегерлері 2027 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатында белгілі болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары