№1 Облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді

    Ана мен бала денсаулығын қорғау және заманауи неонаталдық көмек көрсету бағытында кезекті жоғары көрсеткіш тіркелді. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «№1 Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК білікті дәрігерлер тобы мен неонатологтарының жедел әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде шала туған үшем нәрестелердің клиникалық жағдайы толық тұрақтандырылып, олар үйіне сәтті шығарылды.
    Орталық емделушісі Маметова Динара Абилдаевна мерзімінен бұрын (33 апталық жүктілік кезеңінде) үшем босанған болатын. Қарқынды терапия мен арнайы күтім шараларынан кейін нәрестелер оң салмақ қосу динамикасын көрсетті.
    Нәрестелердің клиникалық жағдайы мен салмақ көрсеткіштері туралы мәлімет:
    1. Ошақбай Сұлтан Ғабитұлы (09.09.2026 ж. туған).
    * Негізгі диагнозы: Шала туу (33 апта), Респираторлық дистресс-синдром (РДС).
    * Салмақ көрсеткіші: Туған кезде – 2145 гр. Орталықта өткізген 13 тәуліктік қарқынды емдеу-оңалту шараларынан кейін, 21.09.2026 ж. үйіне 2155 гр салмақпен қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.
    2. Ошақбай Омар Ғабитұлы
    * Салмақ көрсеткіші: Туған кезде – 2240 гр. Емдеу ұйымынан шығу сәтіндегі салмағы – 2260 гр. Жағдайы тұрақты.
    3. Ошақбай Осман Ғабитұлы
    * Салмақ көрсеткіші: Туған кезде – 2030 гр. Шығарылған кездегі салмағы – 2050 гр. Клиникалық серпіні оң.
    Орталық басшысы Салтанат Усадуллаевна бұл оқиғаға қатысты өз мәлімдемесін білдірді:
    «Үшемдердің дүниеге келуі — біздің орталық үшін үлкен жауапкершілік пен мақтаныш. Әсіресе 33 апталық мерзімде және РДС диагнозымен туған сәбилерді аман-есен алып шығу — неонатолог-дәрігерлеріміз бен реанимация бөлімінің жоғары біліктілігінің дәлелі. Сәбилердің салмақ қосу серпіні жақсы. Біз Ошақбай әулетін жаңа мүшелерімен құттықтаймыз және нәрестелердің дені сау, ғұмырлы болуын тілейміз!»
    Нәрестелердің алдағы уақытта физиологиялық дамуы тұрғылықты мекенжайы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының және учаскелік педиатрлардың қатаң патронаждық бақылауында болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары