«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Ішкі аудит қызметінің қызметкері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік.
Ішкі аудит қызметінің қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары:
1) Бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе құқықтану салаларындағы жоғары кәсіптік білім және қосымша арнайы дайындық;
2) Аудит, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
3) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша білу;
5) «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілік куәлігінің, және/немесе ішкі аудит саласындағы CIA (Certified Internal Auditor) сертификатының, және/немесе Алқалы сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) сертификатының, және/немесе СAP (Certified Accounting Practitioner) практик-бухгалтер сертификатының, және/немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті органында аккредиттелген сертификаттау жөніндегі ұйым берген кәсіби бухгалтер сертификатының, және/немесе DipFR (рус) (Diploma in International Financial Reporting) дипломының, және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатының, және/немесе DipIA IFA (Ұлыбритания) ішкі аудитор дипломының міндетті түрде болуы.
Сондай-ақ, ағылшын тілін білу артықшылық беріледі.
Жұмыс шарттары: толық емес жұмыс күні, Директорлар кеңесіне бағыныстылық.
Кандидаттардан түйіндемелерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 01.11.2026 ж.
Түйіндемені мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: [email protected]









