ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

    1 / 5

    ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

    Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде қала аумағындағы жаңбыр суы мен су тасқынының алдын алу және қала бюджетінің атқарылуы мәселелері қаралды.
    Бірінші мәселе бойынша қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Досжан Майлыбеков баяндама жасады.
    Қала әкімі жауын-шашын кезінде су басу қаупі бар аумақтарды анықтап, алдын алу шараларын күшейтуді, ауылдардағы су бекеттерінің жай-күйін бақылауда ұстауды және қажетті құрал-жабдықтар бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.
    Екінші мәселе бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Илхам Азизбаев қала бюджетінің атқарылуы туралы баяндады.
    Жиын қорытындысында қала әкімі бөлім және мекеме басшыларына, ауыл әкімдеріне бюджет қаражатының уақытылы әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етуді және жоспарланған жұмыстардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
    Жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары