Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 5
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
«Ақсуат ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ-де 9–11-сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты – оқушыларды зерттеу жұмыстарына тарту арқылы олардың ғылыми-зерттеушілік, интеллектуалдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту және танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Конкурс ережеге сәйкес 2 бағыт бойынша 16 секцияда өткізілді.
Байқауға барлығы 79 оқушы қатысып, қорытындысы бойынша:
І орын – 9 оқушы;
ІІ орын – 14 оқушы;
ІІІ орын – 15 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!









