Астанада «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

    1 / 2

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 9 қазанда Астанада жылсайынғы «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

    Байқау мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпарат пен жарнаманың сапасын арттыруға, кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтардың тіл мәдениетіне деген жауапкершілігін нығайтуға және қоғамдық кеңістікте қазақ тілінің сауатты қолданылуын насихаттауға үлес қосады.

    Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен 49 қатысушы өтінім беріп, 900-ге жуық фото және бейнематериалдар ұсынылды.

    Қазылар алқасының құрамында Құқық жоғары мектебінің профессоры Примашев Нұрзада, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Итеғұлова Сая, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері –тележурналист Жиенәлі Мейіржан, Ұлттық аударма бюросының редактор-аудармашысы, жазушы Есей Жеңісұлы, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның Әдістеме Lab жетекшісі Қожахметова Әйгерім болды.

    Қазылар алқасының шешімімен І орын «Зенченко и компания» коммандиттік серіктестігіне (Солтүстік Қазақстан облысы), ІІ орын Замзагүл Нұрғалиеваға (Павлодар облысы) және Денис Ершовқа (Солтүстік Қазақстан облысы), ІІІ орын Ақсұңқар Жұмабаеваға (Атырау облысы) және Береке Жарылғаповаға (Қарағанды облысы) берілді. Сонымен қатар бес қатысушы ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" жаңалықтары