2026 жылғы 9 қазанда Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бейнеу ауылының Д. Тәжіев көшесінде көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру барысында Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.
Құжаттарды тексеру кезінде шетел азаматының Қазақстан Республикасына 2023 жылғы 18 қазанда келгені және ел аумағында болу мерзімін бұзғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік шара қолдану мәселесі қаралды.
Құрметті тұрғындар мен шетел азаматтары! Жеке басын куәландыратын және өзге де құжаттардың жарамдылық мерзімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін уақтылы тексеріп, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауды сұраймыз.
Бейнеу ауданының полиция бөлімі









