Павлодар облысында жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған Бірыңғай күн өтті

    1 / 6

    Павлодар облысының білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған Бірыңғай күн өтті. «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» бағдарламалары аясындағы іс-шара оқушылардың құқықтық сауатын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.

    Бірыңғай күнге білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқушылары, прокуратура және полиция органдарының қызметкерлері, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және «Даналық мектебінің» мүшелері қатысты.

    Өңір мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тақырыптық кездесулер, ашық диалогтар, дәрістер, тренингтер мен викториналар ұйымдастырылды. Кездесулер барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік, құқықтық жауапкершілік, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері талқыланды.

    «Адал азамат» бағдарламасы аясында адалдық, парасаттылық, жауапкершілік пен өзара құрмет құндылықтарына басымдық берілсе, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы жасөспірімдердің өз құқықтары мен міндеттерін білуіне және әр әрекетінің салдарын түсінуіне бағытталды.

    Іс-шараның маңызды бөлігі – оқушылар мен сала мамандары арасындағы ашық диалог. Жасөспірімдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық және қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты қажетті ақпарат алды.

    Облыс көлемінде өткен Бірыңғай күн жас ұрпақты заңды құрметтеуге, жауапкершілікке және саналы шешім қабылдауға тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары