Ірі сауда орталықтарының қауіпсіздік мәселелері бизнес өкілдерімен талқыланды

    Шымкентте объектілердің қауіпсіздік деңгейін арттыру және азаматтарды терроризмге қарсы қорғау мәселелеріне арналған өңірдегі ірі сауда-ойын сауық орталықтарының өкілдерімен кездесу өтті.
    Кездесу барысында сауда объектілерінің өкілдеріне СОО қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар түсіндірілді.
    Жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асатын объектілерге, оларды тиісті объектілер тобына жатқызу мәселелеріне, күзет қызметі субъектілерімен келісімшарт жасасу қажеттілігіне, сондай-ақ кіреберіс топтарында техникалық тексеру құралдарын қолдануға ерекше назар аударылды.
    Жиын барысында қатысушыларға құқықбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдау қажеттігі жеткізілді.
    Кездесу қорытындысы бойынша СОО өкілдеріне белгіленген терроризмге қарсы қорғалу талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі атап өтілді.
    Осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

    Материал Шымкент қ. ТҚК
    ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары