Астанада болашақ медицина қызметкерлеріне есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу туралы айтылды

    Елордада полиция қызметкерлері Астана медициналық-техникалық колледжінің студенттеріне профилактикалық дәріс өткізді. Негізгі назар бірінші курс студенттеріне аударылды. Себебі оқу орнына енді қадам басқан жастар үшін алғашқы күндерден бастап өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды және күнделікті өмірде саналы таңдау жасауды қалыптастыру аса маңызды.
    Полиция қызметкерлері есірткіні тұтыну мен оның заңсыз айналымына байланысты қауіп-қатерлер туралы айтып, құқыққа қайшы әрекеттердің және заңсыз қызметке тартылудың салдары жөнінде ескертті.
    Кездесу барысында студенттерге есірткіні тарату, оның заңсыз айналымына қатысу және тыйым салынған заттарға қатысты күмәнді тапсырмаларды орындау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екені түсіндірілді.
    Елордадағы оқу орындарында мұндай профилактикалық кездесулер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олардың басты мақсаты — жастарға ықтимал қауіптер туралы дер кезінде ақпарат беру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары