2026 жылдың 9 айындағы жұмысы қорытындылары

    Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Мақұлбаев Жеңіс Тіллабайұлы 2026 жылдың 9 айындағы жұмысы қорытындылары мен еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
    Негізгі көрсеткіштер
    2026 жылдың 9 айында (әрі қарай - есептік кезең) жеке және заңды тұлғалардан барлығы 2 810 (еңбек қатынастары бойынша 2 791, еңбек қауіпсіздігі бойынша - 19) жолданым келіп түсіп қаралды. Жолданымдардың барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралып, қабылданған шаралардың нәтижесінде 900 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.
    Сонымен қатар, есептік кезеңде еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 363 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 385 заң бұзушылық анықталды.
    Анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша 183 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 13,0 млн теңге болатын 68 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 9,6 млн теңгені құрайтын 57 айыппұл мемлекеттік бюджетке өндірілді.
    Бұдан бөлек, қала аумағындағы 29 кәсіпорында еңбек заңнамасының
    Жалақы берешегі бойынша
    Есептік кезеңде қала аумағында еңбек даулары тіркелген жоқ.
    Алайда, қазіргі таңда 6 кәсіпорындағы 66 жұмыскердің алдында 68,8 млн теңге көлемінде жалақы бойынша берешек қалыптасып отыр.
    Оның ішінде 2 кәсіпорындағы 29 жұмыскерге 10,7 млн теңге мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан анықталған.
    Сонымен қатар, Департамент тарапынан қала прокуратурасы мен қалалық кірістер департаментімен үш жақты меморандум түзіліп, қала кәсіпорындарында жалақы бойынша берешекті болдырмау мақсатында жұмыс жүргізіліп, осы бағытта жалпы 169 кәсіпорын мониторингпен қамтылып, оларға тиісті ұсынымдар берілді.
    Нәтижесінде 18 кәсіпорындағы 1 624 жұмыскерге 460,3 млн теңге жалақы берешегі төленді.
    Ал, жалпы есептік кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторларының жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 86 кәсіпорыннан 2 824 жұмыскердің пайдасына 754,3 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі өндіріліп, тиісінше 2 824 жұмыскердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
    Өндірістік жарақаттану және еңбек қауіпсіздігі бойынша
    Есептік кезеңде қала аумағында 20 өндірістік жазатайым оқиға тіркеліп, нәтижесінде 31 жұмыскер зардап шекті.
    Өкінішке қарай, оның ішінде 3 жұмыскер жұмыс орнында қаза тауып, 16 жұмыскер ауыр, 12 жұмыскер жеңіл жарақат алды.
    Барлық өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы бойынша рәсімделген материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті" жаңалықтары